- Опубликовано: 13 мая 2014 года
- Просмотров: 3245
АСТАНА. 7 мамыр. BAQ.KZ – Қазақ футболы қарыштап дамымаса да, қарыстап өсуде. Оған соңғы жылдары Жастар құрамасының жеткен жетістіктері куә. Астанадағы ала доп тепкендерден де аттап кете алмаймыз.
Қазақстан футболының көшбасшы клубтарының бірі елордалық Астана футбол клубы да Еурокубоктарда сәтті өнер көрсетіп келеді. Ал қазақ футболының дамуы – аула аяқ добынан басталуы тиіс. Бұл мамандардың сөзі. Астанадағы әуесқой футбол лигасы 2009 жылы құрылған болатын. Басында 4 командамен басталған лигада қазір 60 құрама команда бар. Олар А, Б, Сжәне Д лигаларына бөлінген.
Үздік шыққандары жыл сайын Еуропа жерінде өтетін аламанға аттанады. Әуесқой футбол лигасының президенті Ерлан Еркінбекұлының айтуынша 2016 жылы Астанада әуесқой командалар арасында Еуропа чемпионаты өтпек. Журналистерден құралған команда да бақ сынауда. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Дастан Кенжалин бастаған жігіттер бірнеше жылдан бері осы лигада доп теуіп келеді.
Ерлан жастарды аладопқа тартып қана қоймай, шыңдалуына да септігін тигізуде. «Футболға келген жастарды ең бастысы ақша қызықтырмауы керек, елдің жауапкершілігі басты орында тұруы тиіс дейді» Ерлан. Балапанды күзде сана деген. Бүгін еккен ағаш бірнеше жылда жеміс берері анық...
Еркін ШӘКІРҰЛЫ,
журналист.
Последние новости
-
Протокол решения ДК Туркестанской области от 24.12.2024 г.
24 декабря 2024 года -
Протокол решения ДК г. Астана от 20.12.2024 г.
21 декабря 2024 года -
Протокол решения ДК Туркестанской области от 19.12.2024 г.
19 декабря 2024 года -
Протокол решения ДК г. Астана от 12.12.2024 г.
12 декабря 2024 года -
Протокол решения ДК г. Астана от 29.11.2024 г.
29 ноября 2024 года -
Протокол решения ДК г. Астана от 20.11.2024 г.
21 ноября 2024 года -
Протокол особого решения ДК г. Караганда от 7.11.2024 г.
08 ноября 2024 года